$ 469.93 € 541.64 ₽ 5.71

TikTok-тағы тікелей эфирден кейін танымал блогер психикалық денсаулық орталығына жеткізілді

Наурызбек Лесов
10 тамыз 2026, 16:46
TikTok-тағы тікелей эфирден кейін танымал блогер психикалық денсаулық орталығына жеткізілді Сурет авторы: видеодан кадр

TikTok-та «Алтын қыз» лақап атымен танылған 41 жастағы Лайло Қасымова Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Ол Байзақ ауданының тұрғыны.

Бұған дейін әйел тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция онымен алдын алу әңгімелерін жүргізіп, ескерту де жасаған. Алайда мұндай жағдайлар қайталанған.

Мәліметке сәйкес, әйел кәмелетке толмаған балаларына да балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін полиция мен қорғаншылық органдары араласып, балалардың тұрмыс және тәрбие жағдайын тексерген.

Қазір балалар әкесінің қарауында.

Соңғы жаңалықтар