$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

TikTok-та құмар ойын өткізіп, 95 млн теңге тапқан төрт адам сотталды

Абдрахманов Мағжан
29 қыркүйек 2026, 15:16
TikTok-та құмар ойын өткізіп, 95 млн теңге тапқан төрт адам сотталды Сурет авторы: Joly Victor/abaca/picture alliance

Жетісу облысында TikTok желісінде заңсыз құмар ойын ұйымдастырған төрт тұрғын сотталды. Олардың бірі қылмыс жасалған кезде кәмелетке толмаған, деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Іс материалдарына сәйкес, төрт адам TikTok-та тікелей эфир жүргізіп, көрермендер арасында ақшаға карта ойындарын ұйымдастырған. Осылайша олар 95 млн теңге табыс тапқан.

Сот төрт адамның барлығын заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп таныды.

Олардың әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандардың мүлкі тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар