$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

TikTok-та ата-аналарға арналған жаңа бақылау функциялары қосылды

Редакция
13 наурыз 2025 01:45 4746
TikTok-та ата-аналарға арналған жаңа бақылау функциялары қосылды Сурет авторы: depositphotos

Қазақстанда TikTok платформасы жасөспірімдерді қорғауға, цифрлық ортаны жақсартуға және ата-аналардың балалар көретін контент туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған жаңа құралдарды іске қосады.

TikTok-тағы ата-ана бақылауы жүйесі бес жылдан бері жұмыс істеп келеді және үнемі сарапшылардың ұсыныстары мен ата-аналардың пікірлеріне сүйене отырып жаңартылып отырады. Жаңа өзгерістер жасөспірімдердің TikTok-тағы белсенділігін бақылауға және қолдануды реттеуге мүмкіндік береді.

Енді ата-аналар келесі функцияларды пайдалана алады:

  • TikTok қолдануын шектейтін кесте орнату;
  • Цифрлық детокс үшін қайталанып тұратын кесте жасау;
  • Жасөспірімдердің шектеу уақытында TikTok-қа кіруіне қатысты сұраныстарын мақұлдау немесе қабылдамау.

Сонымен қатар ата-аналар балалардың TikTok-тағы белсенділігін бақылау үшін қосымша құралдарға ие болады. Олар:

  • Балаларының жазылған аккаунттарының тізімін көру;
  • Баласына кім жазылғанын бақылау мүмкіндігі.

Соңғы жаңалықтар