$ 471.98 € 543.39 ₽ 5.82

Тікелей эфирде балағат сөз айтқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды

Абдрахманов Мағжан
04 тамыз 2026, 10:08
Тікелей эфирде балағат сөз айтқан 20-дан астам стример жауапқа тартылды Сурет авторы: Magnific

Қазақстанда тікелей эфир кезінде бейәдеп сөз қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзған 20-дан астам стример әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, құқық қорғау органдары интернет пен әлеуметтік желілерде заңға қайшы контентті анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Полицияның айтуынша, стримерлер қаралым, лайк пен донат жинау үшін балағат сөз айтып, әдепсіз әрекет көрсеткен, қауіпті пранктар ұйымдастырған және өзге адамдарды қорлаған.

Шымкент тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөз қолданғаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды. Осындай құқық бұзушылық үшін Талдықорған мен Түркістан қалаларының тұрғындарына айыппұл салынды.

Ал Павлодар тұрғыны қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізіп, тікелей эфирде балағат сөз айтқаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

ІІМ азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, интернетте де заң талаптарын бұзбауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар