$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келеді

Абдрахманов Мағжан
17 қыркүйек 2025 12:23 583
Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келеді Сурет авторы: Павел Дуров/Telegram

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы әрі CEO Павел Дуров Қазақстанға сапарлап, Digital Bridge 2025 форумына қатысады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Instagram-парақшасында хабарлады.

Дуров 2 қазан күні Астанада өтетін форумның пленарлық отырысына қатысады. Шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатыспақ.

Сонымен қатар пленарлық сессияда әлемдік технология саласының алдыңғы қатарлы сарапшылары сөз сөйлейді:

  • Омар Султан Әл-Олама – БАӘ-нің жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу жөніндегі мемлекеттік министрі;

  • Илья Стребулаев – Стэнфорд университетінің профессоры;

  • Кай-Фу Ли – Sinovation Ventures компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры;

  • Питер Норвиг – Google-дың зерттеу директоры, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері.

Сессияның модераторы – Solana Foundation президенті Лили Лю.

Форум аясында 2 қазан күні республикалық Generative Nation Pitch атты үздік AI-жобалардың питч-сессиясы өтеді. Онда финалистер өз әзірлемелерін халықаралық сарапшыларға, инвесторларға және мемлекеттік өкілдерге таныстырады.

Соңғы жаңалықтар