$ 465.08 € 536.52 ₽ 5.56

Telegram Қазақстанда қайтадан іске қосылды: Байланыс үзілісінің сыры неде

Редакция
13 тамыз 2026, 14:59
Telegram Қазақстанда қайтадан іске қосылды: Байланыс үзілісінің сыры неде Сурет авторы: minfin.com.ua

Қазақстан аумағында Telegram мессенджерінің жұмысы штаттық режимге қайта оралды. Бұған дейін орын алған техникалық ақаулар мен байланыс үзілістері толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта пайдаланушылар мобильді қосымша және десктоптық нұсқа арқылы хабарламалар алмасып, фото, видео және аудиофайлдарды шектеусіз жүктей алады.

Күннің бірінші жартысында еліміздің әр өңірінен келген пайдаланушылар серверлерге қосылуда қиындықтар туындағанын, хабарламалардың бармайтынын және медиафайлдардың жүктелмей жатқанын хабарлаған еді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігінің баспасөз қызметі азаматтардан түскен өтініштердің бар екенін растады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, профильдік мамандар уақытша шектеулердің себептерін анықтап, оларды жою бойынша жедел жұмыстар жүргізген.

Қазіргі уақытта жүйе тұрақты жұмыс істеп тұр.

Соңғы жаңалықтар