$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

Тегін дәрі-дәрмек енді QR-код арқылы беріледі: Қазақстанда жаңа жүйе енгізілмек

Редакция
02 қазан 2026, 10:14
Тегін дәрі-дәрмек енді QR-код арқылы беріледі: Қазақстанда жаңа жүйе енгізілмек Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Денсаулық сақтау министрлігі рецепт бойынша берілетін тегін дәрі-дәрмектерді алу процесін толықтай цифрландыруды жоспарлап отыр. Жаңа ережеге сәйкес, азаматтар ТЕБМБ (ГОБМП) шеңберінде берілетін препараттарды аптекалардан арнайы QR-код арқылы ала алады. Бұл мүмкіндік eGov Mobile, банк қолданбалары және «Әлеуметтік әмиян» арқылы қолжетімді болады.

Реформаның басты мақсаты - бюрократияны азайтып, дәрі-дәрмекті алу процесін жеңілдету әрі ашықтықты қамтамасыз ету. Қағаз рецепттермен берілетін дәрілерге де бақылау күшейеді: фармацевтер әрбір берілген дәрі қорабын өздерінің электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) растауға міндеттеледі. Осылайша, мемлекет бөлген тегін дәрілердің нақты науқастарға жетуі қатаң қадағаланбақ.

Айта кетейік, бұл қадам қыркүйек айында анықталған заңбұзушылықтардан кейін қолға алынды. Ол кезде цифрлық таңбалаудың арқасында еліміздегі аптекаларда ондаған мың тегін дәрі-дәрмектің заңсыз сатылғаны әшкереленген еді. Жаңа бұйрық жобасын талқылау 16 қазанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар