$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Тайланд пен Камбоджа арасындағы қарулы қақтығыстан 16 адам қаза болды

Редакция
25 шілде 2025 11:12 182
Тайланд пен Камбоджа арасындағы қарулы қақтығыстан 16 адам қаза болды Сурет авторы: Orda.kz

Таиланд пен Камбоджа арасындағы шекаралық қақтығыс салдарынан кемінде 16 адам қаза тапты, олардың көпшілігі - бейбіт тұрғындар. Екі елдің әскері артиллериялық қару қолданып, бірнеше күннен бері атыс тоқтамай тұр, деп хабарлайды Reuters.com

Қақтығыс 24 шілдеде басталған. Камбоджа зымыран жүйелерін қолданса, Таиланд ұшақпен жауап беріп, қарымта соққы жасаған. Қазір шекара маңынан 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Даудың себебі - екі ел арасындағы ескі, нақты шешілмеген шекара мәселесі. Камбоджа бұл жағдайды БҰҰ деңгейінде көтеруді сұрап отыр. Ал халықаралық ұйымдар мен көрші елдер атысты тоқтатып, келіссөзге келуге шақыруда.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар