$ 469.93 € 541.64 ₽ 5.71

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты FlyArystan Дубай рейстерін тағы тоқтатты

Абдрахманов Мағжан
10 тамыз 2026, 09:24
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты FlyArystan Дубай рейстерін тағы тоқтатты Сурет авторы: FlyArystan

FlyArystan Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстерді уақытша тоқтату мерзімін 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін ұзартты. Бұл туралы әуекомпания хабарлады.

Бұған дейін тасымалдаушы осы бағыттағы рейстер 29 тамызға дейін орындалмайтынын мәлімдеген еді. Енді шектеу тағы екі аптадан астам уақытқа ұзартылып отыр.

Рейсі тоқтатылған жолаушылар билетті сатып алған жері арқылы оның толық құнын ешқандай ұсталымсыз қайтара алады.

Соңғы жаңалықтар