$ 454.46 € 527.72 ₽ 5.25

Таяу Шығыстағы соққылардан кейін мұнай бағасы 100 долларға жақындады

Абдрахманов Мағжан
09 қыркүйек 2026, 10:49
Таяу Шығыстағы соққылардан кейін мұнай бағасы 100 долларға жақындады Сурет авторы: azertag.az

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың қайта күшеюінен кейін әлемдік мұнай бағасы өсті. 9 қыркүйекте Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 99 доллардан асып, 100 доллар межесіне жақындады, деп хабарлады Reuters.

Таңғы саудада Brent бағасы 1,4 пайыз өсіп, барреліне 99,33 долларға жетті. АҚШ-тың WTI маркалы мұнайы 94,34 долларға дейін қымбаттады. Мұнай бағасы осымен төртінші сауда күні қатарынан өсіп отыр.

Бағаның көтерілуіне Таяу Шығыстағы соңғы шабуылдар әсер етті. Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының бірнеше қаласына соққы жасады. АҚШ күштері Иранның бірнеше мұнай танкеріне шабуылдаса, Иран Иорданиядағы АҚШ әскери базасын нысанаға алды.

Нарық қатысушылары қақтығыс мұнай өндіру мен тасымалдауға кедергі келтіруі мүмкін деп қауіптенеді. Әсіресе Парсы шығанағынан мұнай тасымалдайтын маңызды жолдардың бірі – Ормуз бұғазындағы жағдай назарда тұр. Сауд Арабиясы мұнай экспортының бір бөлігін бұғазды айналып өтетін бағыттарға ауыстырған.

Brent мұнайы тамыздың басынан бері шамамен 25 пайыз қымбаттаған. Бір күн бұрын ол 97,92 доллар деңгейінде сауданы аяқтаған еді. Сарапшылар Таяу Шығыстағы мұнай тасымалына кедергі ұзаққа созылса, бағаға қысым сақталуы мүмкін екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар