$ 491.59 € 572.16 ₽ 6.24

Таяу Шығыстағы қақтығыс: FlyArystan Ақтау – Дубай рейстерін уақытша тоқтатты

Абдрахманов Мағжан
11 наурыз 2026, 10:17
Таяу Шығыстағы қақтығыс: FlyArystan Ақтау – Дубай рейстерін уақытша тоқтатты Сурет авторы: FlyArystan

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстер кестесіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Компания мәліметінше, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірдегі шектеулерді ескере отырып, аталған бағыттағы рейстер 2026 жылғы 31 наурызды қоса алғанда уақытша тоқтатылады. Бұған дейін бұл бағыттағы рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалып келген.

Күші жойылған рейстердің жолаушыларына әуе билеттерінің құны толық көлемде айыппұлсыз қайтарылады немесе сапарды кейінгі күндерге тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады.

FlyArystan өңірдегі жағдайдың дамуын бақылауды жалғастырып, авиациялық билік органдарымен және басқа да тиісті құрылымдармен тұрақты байланыста жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Күші жойылған рейстерге қатысты сұрақтар бойынша жолаушылар әуекомпанияның байланыс орталығына (қоңыраулар және WhatsApp), сондай-ақ сайттағы немесе мобильді қосымшадағы онлайн-чат арқылы хабарласа алады.

Соңғы жаңалықтар