$ 479.82 € 559.9 ₽ 6.15

Таяу Шығыстағы дағдарыс Оңтүстік Кореяны Қазақстаннан көмек сұрауға мәжбүр етті

Абдрахманов Мағжан
08 сәуір 2026, 12:23
Таяу Шығыстағы дағдарыс Оңтүстік Кореяны Қазақстаннан көмек сұрауға мәжбүр етті Сурет авторы: AP / Bernat Armangue

Оңтүстік Корея билігі Ормуз бұғазы арқылы тасымалдың қиындауына байланысты Қазақстанмен мұнай жеткізу жөнінде келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сик Қазақстанға, сондай-ақ Оман мен Сауд Арабиясына арнайы сапармен барады. Ол президенттің арнайы өкілі ретінде үкіметтермен, энергетикалық компаниялармен және теңіз тасымалы операторларымен келіссөз жүргізбек.

Келіссөздердің негізгі мақсаты – ел порттарына мұнай жеткізуді қамтамасыз ету және негізгі тауарлар, соның ішінде медициналық өнімдердің тұрақты тасымалын сақтау.

Ресми мәліметке сәйкес, Оңтүстік Корея шикі мұнай импортының шамамен 61 пайызын, ал нафтының 54 пайызын Ормуз бағыты арқылы алады. Жалпы мұнайдың 70 пайызы Таяу Шығыс елдерінен жеткізіледі.

Соңғы уақытта аймақтағы әскери жағдайдың шиеленісуіне байланысты Оңтүстік Кореяның мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесі шамамен 10 пайызға төмендеген. Сонымен қатар нафты жеткізу көлемі 10–20 пайызға қысқарған.

Осыған байланысты Сеул баламалы бағыттарды қарастырып, Қазақстан сияқты елдермен ынтымақтастықты күшейтуге ниетті.

Соңғы жаңалықтар