$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Тасқыннан кейін әлі 3000-нан аса отбасы үйіне оралмаған

Редакция
25 маусым 2024 04:04 2074
Тасқыннан кейін әлі 3000-нан аса отбасы үйіне оралмаған Сурет авторы: әлеуметтік желіден

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, су басқан аймақтарда 67 мың адам өз үйіне оралған. Алайда 3664 адам әлі де эвакуация орталықтарында тұрақтауда, оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Су тасқыны 12 086 тұрғын үй мен 7380 саяжайды шайып кеткен. Зардап шеккен тұрғын үйлерге тексеру жүргізіліп, олардың 9306-сы жөндеуді қажет ететіні анықталған. Үйлерді қалпына келтіру үшін 257 млрд теңге жұмсау жоспарлануда, 6176 отбасы 40 млрд теңге өтемақы алған. 

15 355 отбасы қосымша 150 АЕК мөлшерінде өтемақы алған. Бұл мақсатта 7,6 млрд теңге және малдарынан айырылғандар үшін 2,8 млрд теңгеден астам көмек қарастырылған.

Автор: Дулат Абдраманов

Соңғы жаңалықтар