$ 462.22 € 536.5 ₽ 5.43

Тарбағатай ауданында Таза Қазақстан және Заң мен тәртіп акциялары өтті

Редакция
20 тамыз 2026, 09:42
Тарбағатай ауданында Таза Қазақстан және Заң мен тәртіп акциялары өтті

Әлеуметтік желілерде тараған жарияланымдарға байланысты Тарбағатай ауданы, Байтөғас ауылының маңындағы Зайсан көлі жағалауының санитарлық жағдайына кешенді тексеру жүргізілді. Бақылау іс-шаралары республикалық «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бастамалары аясында ұйымдастырылды.

Жазғы маусымда бұл аймақ өңір тұрғындары мен қонақтарының жаппай демалатын негізгі орындарының бірі саналады. Осыған байланысты аумақты абаттандырумен қатар, санитарлық талаптарды, экологиялық қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау мәселесіне айрықша назар аударылып отыр.

Профилактикалық іс-шаралар барысында мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлер мен демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды уақтылы жинау мен шығару, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау қажеттігі ескертілді.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты тиісті заңнамалық шаралар қолданылды:

  • 26 тұлғаға ресми түрде ескерту жасалды;
  • 3 құқық бұзушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар бақылау шараларымен шектелмей, аумақта тәртіп орнату бойынша бірлескен жұмыстар ұйымдастырылды. Жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардың қатысуымен жағалау бойында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыс жиналды және қалдықтар шығарылды. Жемкелеген учаскелерде абаттандыру шаралары атқарылды.


Мұндай бастамалар қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» қағидаттарын және қоғамдық кеңістікте жауапкершілікті арттыруды көздейтін «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асырудың нақты көрінісі болып табылады.

Уәкілетті органдар Зайсан көлінің жағалау аумағындағы санитарлық жағдай мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын хабарлайды. Табиғи ресурстарды қорғау және демалыс үшін қауіпсіз орта қалыптастыру – мемлекеттік органдар мен барша азаматтардың ортақ міндеті.

Соңғы жаңалықтар