$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Таразда мәслихат депутатын соққыға жықты

Редакция
14 мамыр 2025 03:28 3837
Таразда мәслихат депутатын соққыға жықты

13 мамыр күні Тараз қаласында Алматы облысы Іле ауданының мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиевті соққыға жыққан. Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаменті растады.

Оқиға кезінде депутаттың сол жақ бет сүйегі сынған. Ол көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің госпитализация жөніндегі ұсынысынан бас тартқан.

«Тері жарақаттары болмаған. Жарақат алған азамат кешкі сағат 19:00-ден түнгі 01:00-ге дейін медициналық қабылдау бөлімінде болған. Барлық алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда пациент ауруханада жатудан үзілді-кесілді бас тартты. Дәрігерлер ем қабылдамаудың салдары туралы түсіндірді, соған қарамастан, ол ауруханадан өз еркімен шықты», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Шабуыл жасаған күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір бұл іс бойынша «Бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар