$ 489.3 € 578.94 ₽ 6.38

Таразда екі еркек аялдамада тұрған 13 жасар қызды күштеп әкетпек болған (ВИДЕО)

Абдрахманов Мағжан
18 ақпан 2026, 11:27
Таразда екі еркек аялдамада тұрған 13 жасар қызды күштеп әкетпек болған (ВИДЕО) Сурет авторы: видеодан кадр

16 ақпан күні күндіз Тараз қаласында екі ер адам автобус аялдамасынан 13 жастағы қызды көлікке күштеп отырғызуға әрекет жасаған. Оқиға куәгерлердің көз алдында болған және бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз адамдар көлікпен келіп, мектеп оқушысын салонға сүйреп кіргізбек болған. Аялдамада тұрған ер адам араласып, қызды қорғап қалған. Осыдан кейін күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалған.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер жедел іздестіру шаралары барысында қолға түскен. Қызды ұрлауға оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Екі ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар