$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Танымал актер Мұрат Бисембин дүниеден озды

Абдрахманов Мағжан
08 қаңтар 2026, 12:53
Танымал актер Мұрат Бисембин дүниеден озды Сурет авторы: Kino-teatr.ru

Қазақстанға кеңінен танымал актер, «Рэкетир» фильміндегі басты бейнесімен есте қалған Мұрат Бисембин 54 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қайғылы хабарды оның қызы Диана мәлімдеді.

Желтоқсан айының соңында актер инсульт алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Жақындарының айтуынша, сол кезеңде оның жағдайы бір қалыпта болмаған: кейде оңалып, кейін қайта нашарлап отырған. Соңғы бір жарым жыл бойы Мұрат Бисембин тұрақты түрде медициналық бақылауда болған.

Әріптестерінің мәліметінше, актер бір жылдан астам уақыт онкологиялық дертпен күрескен. 2024 жылдың күзінде диагнозы нақтыланып, соған байланысты барлық шығармашылық жұмыстарын тоқтатып, түсірілім алаңынан кеткен.

Qrnews редакциясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Соңғы жаңалықтар