$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы деп аталатын Хасан Қасымбаев ұсталды

Редакция
04 қараша 2024 01:29 2420
Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы деп аталатын Хасан Қасымбаев ұсталды

Хасан Қасымбаев 16 жасар Шерзаттың өліміне қатысты ұсталмаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше ол 2021 жылы жасаған қылмысына байланысты ұсталғаны белгілі болды.  Прокуратура жаңадан ашылған мән-жайларға сүйене отырып, 2024 жылдың 24 қазанында ҚР ҚК-нің 125-бабы («адам ұрлау») және 106-бабы («денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық істі қайта қозғады. Іс қазіргі таңда Алматы облысының Полиция департаментіне тапсырылып, тергеу жалғасуда.

Естеріңізге сала кетсек, Талғардағы тұрғындар Шерзаттың өлімін «Хуторские» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топпен байланыстырған болатын. Бұл топтың басшылары Хасан, Аслан және Ержан есімді бауырлар деп айтылған. Алайда, ҚР ІІМ мұндай Ұйымдасқан қылмыстық топ бар екенін жоққа шығарды.

Сондай-ақ, Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімінің аппаратын басқарғаны белгілі. Қоғамдық резонанстан кейін ол қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар