$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың атына көше беру ұсынылды

Абдрахманов Мағжан
16 қыркүйек 2025 17:49 535
Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың атына көше беру ұсынылды

Алматы облысы Талғар қаласында қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың атына көше беру мәселесі көтерілді. Бұл бастаманы адвокат Мейірман Шекеев ұсынды.

Адвокаттың айтуынша, Шерзат қайтыс болған маңдағы көшелердің бірі қазіргі уақытта Менделеев есімімен, екіншісі Руставели есімімен аталады.

"Бұл тұлғалардың Талғарға да, Қазақстанға да еңбегі сіңбеген. Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстан Нұрланұлынан Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауды ұсындым. Әкім бұл ұсынысқа мүмкіндігінше қолдау білдіретінін айтты", – деп жазды Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қазан айында Талғар ауданында болған төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар