$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Талғар әкімін сайлау күні белгіленді

Редакция
08 қараша 2024 01:58 4996
Талғар әкімін сайлау күні белгіленді Сурет авторы: 5region.kz

Алматы облысындағы Талғар қаласының әкімін сайлау күні белгіленді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының сайты.

Сайлау 15 желтоқсанда өтеді. Дәл осы күні республиканың тағы екі облысында ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді.

Осылайша, Қостанай облысында Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округі, Жітіқара ауданы Пригородное ауылы, Қостанай ауданы Белозер ауылдық округі, Севастополь ауылдық округі және Сарыкөл ауданы Маяк ауылы әкімдерін сайлайды.

Ұлытау өңірінде Ұлытау ауданына қарасты Алғабас, Егінді, Мибұлақ және Шеңбер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтеді.

Соңғы жаңалықтар