$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Талдықорған білім бөлімінің басшысы пара алғаны үшін 11 жылға сотталды

Редакция
18 шілде 2024 07:07 4447
Талдықорған білім бөлімінің басшысы пара алғаны үшін 11 жылға сотталды Сурет авторы: uralskweek.kz

Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыханов қарамағындағы қызметкерінен аса ірі көлемде пара алғаны үшін 11 жылға сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жолдыхановты бюджет қаражатының ұрлану фактілерін жасырып, жұмыстан босатпағаны үшін бөлімнің бас есепшісінен 280 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Сондай-ақ бұрынғы шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Антикор мәліметінше, есепші ұйымдастырған ұрлық схемасы білім бөлімінде 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың наурыз айына дейін жұмыс істеген. Мемлекетке келтірілген шығын 4,3 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар