$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Таиландта қазақстандықтар мінген катер апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар

Абдрахманов Мағжан
13 қаңтар 2026, 14:00
Таиландта қазақстандықтар мінген катер апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар Сурет авторы: видеодан кадр

Таиландта болған туристік катер апаты салдарынан Қазақстанның сегіз азаматы зардап шекті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, апат кезінде катер бортында сегіз қазақстандық болған, олардың барлығына медициналық көмек көрсетілген. Үш азамат ауруханаға жатқызылған, дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Емдеу шығындары сақтандыру компаниясы есебінен өтелуде, ал Қазақстан консулы зардап шеккен азаматтармен тұрақты байланыста.

Оқиға 11 қаңтар күні Пхукет аралы маңында тіркелген. Туристер отырған катер балық аулайтын кемемен соқтығысып, суға бата бастаған. Апат салдарынан 22 адам жарақат алып, бір адамның қаза тапқаны хабарланды.

Қазіргі уақытта Таиланд билігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысында экипаж әрекеттері, кемелердің техникалық жағдайы және навигациялық ережелердің сақталуы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар