$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Тағы да Alphard: Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Редакция
15 қараша 2024 08:42 4224
Тағы да Alphard: Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты Сурет авторы: Қарағанды облысының ПД

Қарағанды облысында жол апатынан жеті адам, соның ішінде екі бала қаза тапты. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға орнына жеткенде, жүргізуші мен алты жолаушы, оның ішінде екі бала қайтыс болғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Жол апаты Курминка ауылынан 2 шақырым жерде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі көктайғақта көлікті игере алмай, жол жиегіне аударылған.

12 жастағы қыз бала жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы кездері Alphard секілді оң рөлді көлік жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік апаты жиілеген. Көлік министрі Марат Қарабаев келесі жылдан бастап олардың Яндекс және Indriver платформаларынан шығарылатынын айтқан.

Соңғы жаңалықтар