$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тағы бір сарбаз қаза болды

Редакция
08 қараша 2024, 07:34
Тағы бір сарбаз қаза болды Сурет авторы: lada.kz

7 қарашада Шығыс Қазақстан облысы шекара қызметінің департаментінде қайғылы оқиға орын алды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, әскерге шақырылған сарбаз өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге итермелеу үшін жауапкершілікті қарастыратын сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар