$ 462.22 € 536.5 ₽ 5.43

Тағы бір ел Қазақстанның мұнайын сатып алa бастады

Редакция
20 тамыз 2026, 12:56
Тағы бір ел Қазақстанның мұнайын сатып алa бастады Сурет авторы: Порт Кулеви в Грузии. Andre Hosper / Wikimedia Commons, CC BY 4.0

Қазақстан энергетика саласында маңызды қадам жасап, өз мұнайын экспорттайтын елдердің қатарын арттырды. Мемлекет тарихта алғаш рет Грузияға қара алтын сатуды бастады. Ұлттық статистикалық комитеттің мәліметінше, алғашқы партия шілде айында жөнелтіліп, экспорт көлемі 3,2 миллион долларды құрайтын 5,5 мың тонна шикі мұнайды құрады, деп хабарлайды National Business Kazakhstan

Қазақстандық шикізат Кулеви портында орналасқан Грузиядағы жалғыз мұнай өңдеу зауытына жеткізілді. Мұндағы басты интрига - бұл зауыт бұған дейін тек ресейлік мұнайды өңдеп келген еді. Тіпті шілдеде де Мәскеу Грузияға 36,4 миллион доллардың 87,4 мың тонна мұнайын жөнелтіп, негізгі жеткізуші болып қалған.

Алайда еуропалық санкциялардың қаупі Кулеви зауытын басқаратын «Black Sea Petroleum» компаниясын бағытын шұғыл өзгертуге мәжбүр етті. Тамыз айының басында зауыт ресейлік шикізаттан толық бас тартып, басқа елдердің ресурстарына өтетінін ресми түрде жариялады. Осылайша, өндіріс орны шілдеден бастап қазақстандық мұнайды өңдеуге кірісті, ал тамыздан бастап Ливиядан да мұнай қабылдауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Қазақстан мұнайын Ресейді айналып өтіп тасымалдайтын жаңа бағыт пайда болуы мүмкін. Әзербайжан мен Грузия «Баку - Супса» мұнай құбырын қайта іске қосу туралы уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар