$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Табысы жоқ, бірақ үйі мен бірнеше көлігі бар: салық органдары кімдерге назар аударады

Абдрахманов Мағжан
06 қазан 2026, 12:39
Табысы жоқ, бірақ үйі мен бірнеше көлігі бар: салық органдары кімдерге назар аударады Сурет авторы: Freepik

Қазақстанда адамның ресми табысы болмаса, бірақ ол қымбат мүлік сатып алса, салық органдары қаражаттың қайдан келгенін сұрауы мүмкін. Бұл туралы қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Үкіметтегі брифингте айтты.

Оның сөзінше, Smart Data Finance жүйесі 80 дереккөзден мәлімет жинайды. Олардың қатарында азаматтардың жылжымайтын мүлкі, автокөлігі, жері және Салық кодексінде қарастырылған өзге де мәліметтер бар.

«Егер адамның ешқандай табыс көзі болмаса, бірақ ол пәтер, үй немесе 5–6 автокөлік сатып алса, бұл қаражаттың қайдан келгені туралы сұрақ туындайды», – деді Тұрысов.

Вице-министр мобильді аударымдар туралы ақпарат салық органдарына барлық жағдайда бірдей қолжетімді емес екенін де атап өтті. Мұндай мәлімет белгілі бір жағдайларда ғана беріледі.

Егер салық органдарында сұрақ туындаса, азамат қаражаттың қайдан келгенін растай алады. Ал салық салынуға тиіс табыс анықталса, Салық кодексіне сәйкес тиісті салық төленуі керек.

Соңғы жаңалықтар