$ 462.22 € 536.5 ₽ 5.43

Табиғатқа жіберілген жолбарыс алғашқы күндері қасқыр мен қабан аулады

Абдрахманов Мағжан
20 тамыз 2026, 16:57
Табиғатқа жіберілген жолбарыс алғашқы күндері қасқыр мен қабан аулады Сурет авторы: Экология министрлігі

Табиғатқа жіберілген Үміт атты жолбарыс алғашқы он күнде өздігінен аң аулап, қасқыр мен жабайы қабанды олжалаған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Мамандар жолбарыстың қозғалысын GPS қарғыбауы арқылы күн сайын бақылап отыр. Құрылғы Үміттің қай аумақта жүргенін анықтауға мүмкіндік береді. Кейін мамандар сол жерлерге барып, зерттеу жүргізеді.

«Алғашқы күндердің өзінде жолбарыстың өздігінен аң аулай алатыны белгілі болды. Ол қасқырды аулап, бірнеше күн бойы сонымен қоректенді. Кейін жабайы қабанды да сәтті олжалады», – деп хабарлады министрлік.

Қазір мамандар Үміттің қозғалысын күн сайын бақылап, оның табиғи ортаға бейімделуін қадағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар