$ 519.51 € 611.83 ₽ 6.6

Антикордың экс-басшысы ұсталды

Абдрахманов Мағжан
04 шілде 2025 16:52 35
Антикордың экс-басшысы ұсталды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаевтың ұсталғанын ресми түрде растады.

«2025 жылғы 3 шілдеде ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігі 1), 2) тармақшаларымен (азаптау) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Татубаев Т.М. ұсталды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, қосымша дәлелдер жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 2015 жылы құрылған. 2019 жылы ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылды. Ал 2025 жылдың 30 маусымында аталған агенттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына өтті.

Соңғы жаңалықтар