$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

Абдрахманов Мағжан
27 қаңтар 2026, 15:09
Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды Сурет авторы: Primeminister.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Жақыпова Светлана Қабыкенқызы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Светлана Жақыпова бұл ведомствоны 2023 жылдың қыркүйегінен бері басқарды. Оған дейін Президент жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған. Сондай-ақ 2017–2019 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған.

Әр жылдары ол денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалық кеңсесінде бағдарламалар жетекшісі қызметтерін де атқарған.

Соңғы жаңалықтар