$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Сүйінші! Елдос Калабок әке атанды!

Редакция
12 қараша 2025 12:13 277
Сүйінші! Елдос Калабок әке атанды!

Танымал блогер Елдос Қадырханов, әлеуметтік желілерде Елдос Калабок атымен танымал, күтпеген қуанышпен бөлісті: ол әке атанды! Блогер бұл жаңалықты сүйінші сұрау түрінде желідегі парақшасында жариялады, ал оның оқырмандары бұл хабарды үлкен қуанышпен қарсы алды.

Елдостың отбасына 10 жылдан астам уақыт бойы тілектес болып келген оқырмандары әрдайым оның жазбаларына жылы пікірлер қалдырып, сәбидің келуін күтті. Міне, көпшіліктің тілегі қабыл болып, армандаған сәби дүниеге келді.

Блогер өзінің қуанышын бөлісіп қана қоймай, оқырмандарына алғысын білдірді: «АЛЛАҒА ШҮКІР🥹 СҮЙІНШІ❤️
ҚОШ КЕЛДІҢ ҰЛЫМ😘 12.11.2025 ✅
біз АТА-АНА болдық ағайын😭», – деп жазды ол.

Осылайша, Елдос Калабок жары екеуі ата-аналық өмірге қадам басты, ал әлеуметтік желіде оның қуанышы миллиондардың жүрегін елжіретіп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар