$ 476.97 € 562.59 ₽ 6.27

Сүйікті әртісіңіздің концертіне барам деп, алаяқтардың құрығына түспеңіз: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Редакция
15 сәуір 2026, 10:04
Сүйікті әртісіңіздің концертіне барам деп, алаяқтардың құрығына түспеңіз: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады Сурет авторы: 24kz

Қазақстандықтар арасында мәдени іс-шараларға сұраныстың артуын пайдаланған алаяқтар жаңа айла-тәсілдерге көшті. Ішкі істер министрлігі онлайн-билеттерді сатып алу кезінде барынша сақ болуға шақырады. Желідегі жалған хабарландырулар мен «делдалдардың» арбауына түскен азаматтар сүйікті әртісінің концертіне бара алмай, қаражатынан айырылып қалуда.

ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбектің мәлімдеуінше, қаскөйлер билеттерді «кепілді түрде» алып береміз деп сендіріп, ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды немесе жарамсыз, қолдан жасалған билеттерді ұсынады. Тіпті, билеттерді заңсыз қайта сатумен айналысатын делдалдар бағаны бірнеше есе асырып қана қоймай, бір билетті бірнеше адамға сатып жіберуі де мүмкін.

Тәртіп сақшылары кез келген іс-шараға билеттерді тек ресми сайттар мен тексерілген кассалардан алуды қатаң ескертеді. Сондай-ақ, бейтаныс тұлғалардың жеке картасына ақша аудармау және тым төмен баға ұсынған күмәнді сілтемелерге өтпеу кеңес беріледі.

Соңғы жаңалықтар