Суперкубок–2026: «Тобыл» – төрт дүркін чемпион
Сурет авторы: Qrnews
28 ақпан күні Астана төріндегі аренада Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымы Суперкубок ойынымен басталды. Маусым шымылдығын түрген алғашқы кездесуде Қостанайдың «Тобыл» клубы мен Алматының «Қайрат» командасы өзара мықтыны анықтады.
Ойын алғашқы минуттардан-ақ жоғары қарқынмен өрбіді. Елордадағы суық ауа райына қарамастан, трибунадағы жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезіліп, алаңдағы тартысқа айрықша серпін берді.
Есепті «Тобыл» сапынан Герра ашты. Араға көп уақыт салмай «Қайрат» ойыншысы Мрынский таразы басын теңестірді. Артынша Оксанен ресми матчтағы алғашқы голын соғып, есепті алматылықтардың пайдасына өзгертті. Бірінші тайм «Қайраттың» басымдығымен аяқталды – 2:1.
Екінші таймда тартыс тіпті күшейе түсті. Қостанайлық ұжым таразы басын теңестіруге бар күшін салса, алматылықтар есеп айырмасын ұлғайтуға ұмтылды. Алайда қос команда да қорғаныста сауатты ойнап, ұзақ уақыт қақпаларына гол жіберген жоқ.
Кездесудің соңына қарай «Тобыл» қауіпті айып добына ие болды. Стандартты соққыны Асхат Тағыберген орындап, допты алыс бұрышқа дәл бағыттады – 2:2. Осы сәттен кейін ойын жаңа қарқын алып, кездесу тағдыры пенальти сериясында шешілді.
Пенальтиде қостанайлықтардың қақпашысы Сұлтан Бусурманов Рикардиньоның алғашқы соққысын қайтарып, командасына сенімділік сыйлады. Ал шешуші сәтте Дәурен Жұмат мүлт кетпей, матчтың соңғы нүктесін қойды.
Осылайша қостанайлық «Тобыл» өз тарихында төртінші мәрте Қазақстан Суперкубогінің жеңімпазы атанды.
Матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Тобыл» клубының бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев «Қайраттың» оңай қарсылас еместігін атап өтіп, соған сай дайындық жүргізілгенін айтқан болатын. Ал ойыннан кейін «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қарсыласын жеңісімен құттықтап, өз командасының ойынына көңілі толатынын және алдағы уақытта олқылықтармен жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
Нуризат Муратбекқызы
Соңғы жаңалықтар
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
17 сағат бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
19 сағат бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
19 сағат бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
19 сағат бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
19 сағат бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
19 сағат бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
20 сағат бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
20 сағат бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
22 сағат бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
23 сағат бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
23 сағат бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
23 сағат бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
1 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
1 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
1 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
1 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
1 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
1 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
1 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
1 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
1 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
1 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
1 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
1 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
1 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
1 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
1 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
1 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
1 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
2 күн бұрын
-
Трамп Зеленскийден Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатуды талап етті
2 күн бұрын
-
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
2 күн бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барды
2 күн бұрын
-
ALGA! фестивалі Балқашта 500-ден астам оқушыны біріктірді
2 күн бұрын
-
Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келісім берді
3 күн бұрын
-
Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
3 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
Алматыда тағы бір сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
3 күн бұрын
-
Санжар Боқаевтың ісі сотқа түсті
4 күн бұрын
-
Дәрігерлер Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен азаматтың жағдайын айтты
4 күн бұрын
-
Күршімде қыс алды даярлық басталып, жылу инфрақұрылымы жаңғыртылуда
4 күн бұрын
-
Әлемді өзгерткен 11 қыркүйек: АҚШ-тағы терактіге 25 жыл
4 күн бұрын
-
Иран, OPEC+ және Қашаған: Қазақстан мұнайына үш жақтан қысым күшейді
4 күн бұрын
-
Binance Қазақстанда банк ашпақ
4 күн бұрын
-
Жасанды интеллектің адамзатты жойып жіберу қаупі 10 пайыздан асты – сарапшылар
4 күн бұрын
-
Қазақстан неліктен «Евровидение-2027» ән байқауына қатыса алмайды?
4 күн бұрын
-
Неліктен бірыңғай QR-мен төлеу әлі де барлық жерде бірдей іске аспай жатыр?
4 күн бұрын
-
Тоқаев Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
4 күн бұрын
-
Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды
4 күн бұрын