$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Су тасқынынан зардап шеккен құлсарылықтар коммуналдық төлемдерден босатылады

Редакция
16 мамыр 2024 04:17 4342
Су тасқынынан зардап шеккен құлсарылықтар коммуналдық төлемдерден босатылады Сурет авторы: express-k.kz

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов зардап шеккен үйлердің тұрғындары сәуір, мамыр, маусым айларында коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Қазіргі уақытта Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіліп жатыр. Электр қуатына барлығы 2870 үй қосылды, су басу аймағында орналасқан 3084 үйді газбен жабдықталды.

«Тұрғындарға наурыз айына коммуналдық төлемдерді (ҚТҚ, электр энергиясы, газ және ауыз су үшін) төлеуге түбіртектер таратылады. Алайда, қала тұрғындары өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта есепшоттарды төлей алады», – деді Жұмабек Қаражанов.

Сондай-ақ аудан әкімінің айтуынша, Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар