$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Су тасқыны: Қазірге дейін қанша үй суға кетті? Қанша адам көшті?

Редакция
10 сәуір 2024 06:08 4924
Су тасқыны: Қазірге дейін қанша үй суға кетті? Қанша адам көшті? Сурет авторы: bestnews.kz

Бұл туралы толық мәліметті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш жария етті.

Оның айтуынша, су тасқыны басталғалы 96 мыңнан астам адам құтқарылды. Оның үштен біріне жуығы, яғни 31 мыңнан астамы – бала.

“Әуе көлігімен 2 823 адам, соның арасында 865 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша орналасу пункттеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды. 82 559 бас мал қауіпсіз жерге айдалды", – деді Е. Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жер үйді, 336 аула аумағын су басып тұр.

Ол зардап шеккен өңірлерге 167 935 келі гуманитарлық көмек жеткізілгенін айтып өтті. Сондай-ақ бірлескен күштердің көмегімен 8,5 млн текше метрден астам еріген қар суы шығарылды. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су ағызылды.

Соңғы жаңалықтар