$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Су тасқыны: Атырау облысы Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды

Редакция
04 сәуір 2024 15:30 3721
Су тасқыны: Атырау облысы Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды

4 сәуірден бастап Атырау облысы Жылыой ауданында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Осы ауданның Қосшағыл ауылдық округіндегі Қарағай ауылын су алған. Төтенше жағдай министрлігі штабы Қарағай ауылы халқын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова ақпаратты растады. Ең алдымен балалар, әйелдер, науқастар және мүгедектігі бар адамдар көшіріледі деген шенеунік "Қазақпарат" агенттігіне.

Аудан орталығы Құлсарыдағы үш мектепте қабылдау пункті ашылған деген хабар тарады.

Бүгін әкімдік жедел штаб Құлсары мен оған жақын жатқан елді мекендердегі жағдайға байланысты отырыс өткізді деп мәлімдеді. Биліктің хабарлауынша, аудан орталығынан 20 шақырым қашықта жолға су жайылғандықтан көлік қозғалысы шектелген. 

Соңғы жаңалықтар