$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Су тасқыны: 356 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Редакция
24 мамыр 2024 02:46 3898
Су тасқыны: 356 отбасы жаңа баспанаға ие болды Сурет авторы: PRIMEMINISTER.KZ

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 

3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтемақы алды. Мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 млрд теңгеге жетті.

29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30 912 өтінім қабылданды. Аталған жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар