$ 539.55 € 627.55 ₽ 6.7

Су кірген 9 мыңнан аса үй қалпына келтіруге жатады деп танылды

Редакция
28 мамыр 2024 15:15 1454
Су кірген 9 мыңнан аса үй қалпына келтіруге жатады деп танылды

28 мамыр күні Қазақстан үкіметі тасқыннан зардап шеккен азаматтарға шығынды қалай өтеп жатқаны жөнінде есеп берді. Үкіметтің баспасөз қызметі 30 мыңнан аса отбасы 100 АЕК (369 200 теңге) көлемінде бір реттік жәрдемақы алғанын хабарлады. 

Су тасқынынан Қазақстанда шамамен 12 мыңнан аса үйді және 18 мыңнан аса саяжай құрылысын су басқан, оның ішінде 5353 үй зардап шеккен адамдардың жалғыз баспанасы болған. 15 мыңнан аса үйге сараптама жасаған мамандар 4315 үй апатты жағдайда тұр, ал 9 мыңнан астам үй қалпына келтіруге жатады деген қорытынды жасаған.

Тасқыннан кейін өңірлерде 1847 үй мен пәтер құрылысы басталған, бұдан бөлек, 3417 баспана сатып алу жоспарда бар деді үкіметтің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар