Спорттағы патриотизм: Көк туды биіктететін нақты жеңіс пен ұлттық бірлік
Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы
Бүгінгі таңда спорт - жай ғана дене шынықтыру немесе кезекті бәсеке емес. Ол -мемлекеттің беделін айшықтайтын, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтатын ең қуатты күштердің бірі. Спорт майданындағы патриотизм - құр айқай немесе уақытша эмоционалды хайп емес. Ол ең алдымен еліміздің Мемлекеттік рәміздеріне деген терең құрметтен және нақты фактілерге сүйенетін ұлттық мақтаныштан тұрады.
Алаңдағы спортшының жанкешті тері мен трибунадағы жанкүйердің жанарындағы от дәл осы патриотизм тоғысатын нүктеде тұр. Себебі кез келген үлкен жарыс - тек таблодағы есеп емес, ең алдымен елдің абыройы мен бірлігінің таразысы.
Үш ұйықтасақ түсімізге кірмейтін жағдайлардың бірі - әлемдік футболдың гранды, аты аңызға айналған «Реал Мадридтің» Қазақстанға келіп, Алматы төрінде матч ойнауы. Осындай тарихи оқиғалар мен халықаралық ірі бәсекелер кезінде жанкүйерлердің стадионға Мемлекеттік ту бейнеленген атрибутикамен келуі, беттеріне тудың суретін салып (грим), көк түсті киімдер киюі - ерекше патриоттық көрініс.
Рәмізге деген мұндай құрмет - спорттық мәдениеттің ажырамас бөлшегі. Мемлекеттік ту тек ресми ғимараттардың төбесінде тұратын әкімшілік атрибут қана емес, ол халықты, әсіресе жастарды біріктіретін, мақтаныш сезімін ұялататын «жанды символға» айналды. «Реал Мадрид» сияқты әлемдік деңгейдегі ұжымдардың елімізге келуі - Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың, халықаралық инфрақұрылымдық сенімнің де жемісі.
Бұл патриоттық сезім тек стадион трибунасында емес, әлеуметтік желілерде де жарқын көрініс табуда. Соның бір айқын мысалы - жас футболшы Дастан Сәтпаевтың шетелдік үздік клубтардың біріне ауысып, ондағы алғашқы голын соғуы. Осы сәтте қазақстандық жанкүйерлер Threads желісінде Д. Сәтпаев бар чаттар мен парақшаларға ерекше қолдау білдіріп, белсенділікті рекордтық деңгейге жеткізді. Отандық жастардың бұл ұйымшылдығы мен цифрлық қолдауы тіпті шетелдік алып клубтарды таңғалдырып, ұлттық рухты асқақтата түсті.
Сонымен қатар патриотизмнің маңызды көрінісі - рәміздерді заң шегінде дұрыс қолдану. Қазақстанда Мемлекеттік туды пайдаланудың ресми бекітілген нақты заңнамалық тәртібі бар (Параграф заңнамалық базасына сілтеме). Ережеге сәйкес, туды үйге, автокөлікке орнатуға немесе стадионда желбіретуге рұқсат етілгенімен, ол таза болуы, жерге тимеуі, сондай-ақ киім, жарнама не коммерциялық мақсатта пайдаланылмауы тиіс. Стадионда туды жоғары ұстап, абыройын қорғау - заңды да шынайы патриотизмнің үлгісі.
Алайда стадиондағы жанкүйердің қолындағы тудың абыройы тек трибунадағы қолдаумен шектелмейді. Оның шынайы салмағы мен биіктігі жасыл алаңда, шаршы алаңда немесе мұз айдынында Қазақстанның намысын қорғап жүрген спортшылардың еңбегімен өлшенеді.
Қазақстан намысын халықаралық турнирлерде қорғап жүрген басқа этнос өкілдері немесе натурализацияланған спортшылар жеңіске жеткенде, ақпараттық кеңістікте түрлі пікірталастар туындап жатады. Мұндай сәтте ашу-ызаға немесе жеке эмоционалды пікірлерге салынбай, заңды фактіге сүйенген жөн.
Мысалы, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан намысын әлемдік аренада абыроймен қорғап жүрген Михаил Шайдоровтың кейсін алайық. Ол халықаралық жарыстарда күрделі элементтерді орындап, жеңіс тұғырына көтерілгенде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалып, Көк туымыз биікке көтеріледі. Бұл - бұлтартпас факт. Бұл жердегі патриотизм этникалық шығу тегінде емес, мемлекеттік символдарға, еліміздің абыройына деген адалдықтан көрінеді. Осындай дарынды спортшыларымыздың жетістіктері мемлекет тарапынан да әрдайым назарға алынып, тиісті қолдауға ие болуда. Атап айтқанда, халықаралық аренада топ жарған спортшының еңбегін бағалаған Туризм және спорт министрлігі оның алдағы уақытта жаңа маусымдарға жан-жақты, сапалы дайындық жасауы үшін құқықтық-әдістемелік және қаржылық мәселелердің шешілуін қатаң бақылауға алып, ресми келісімшарттардың жасалуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар үкімет тарапынан жеңімпаз спортшыларға арнайы сыйақылар беріліп, бапкерлер құрамы да марапатталды. Бұл өз кезегінде мемлекет пен спортшы арасындағы сенімді нығайтып, жас ұрпаққа үлгі болар кәсіби қолдаудың нақты көрінісіне айналды. Мұндай жүйелі қадамдар ел мақтаныштарының еңсесін тіктеп, Көк туымыздың әлем ареналарында әрқашан биікте желбіреуіне жол ашады.
Қазақстан - көпұлтты мемлекет. М. Шайдоров сияқты спортшыларымыздың және құрама командаларымыздағы түрлі этнос өкілдерінің бір тудың астында өнер көрсетуі -елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың айқын айғағы.
Қорытындылай келгенде, спорт майданындағы патриотизм -бұл мемлекеттік рәміздерді орынды әрі заң талаптарын сақтай отырып құрметтеу, эмоцияға берілмей, елдің тұрақтылығы мен бірлігін сақтау. Алматыдағы тарихи матчтардағы трибуналық қолдау, Дастан Сәтпаев сынды жастарымыздың шетелдегі толағай табысы, Михаил Шайдоров сияқты спортшыларымыздың арқасында Олимпиада мен әлем ареналарында желбіреген әрбір Көк ту - Қазақстанның тұрақтылығы мен бірлігінің айқын дәлелі. Мемлекеттік туымыз желбіреп, Гимніміз асқақтай берген сайын біздің бірлігіміз де нығая бермек.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын