$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Сот пен журналист арасындағы дау: Әмір Қасеновтің «еркіндігі» туралы ақпарат жалған болып шықты

Редакция
15 маусым 2026, 11:58
Сот пен журналист арасындағы дау: Әмір Қасеновтің «еркіндігі» туралы ақпарат жалған болып шықты Сурет авторы: smi24.kz

ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов пен Алмалы аудандық соты арасындағы қарама-қайшылық ушығып барады. Әлеуметтік желіде «үйқамақ мерзімім аяқталды» деп мәлімдеген журналистің сөзін сот жүйесі бірден теріске шығарды.

Соттың ресми мәлімдемесіне сәйкес, Әмір Қасеновке қатысты бұлтартпау шарасы 5 маусымда өткен отырыста-ақ ресми түрде ұзартылған. Яғни, бас редактордың қазіргі уақытта үйқамақ режимінен босатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Сот өкілдері Қасеновтің үйқамақ ережелерін қайталап бұзғанын алға тартып, бұл әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігі туралы қатаң ескерту жасады. Сот мәлімдемесінде егер бұлтартпау шарасының талаптары тағы да бұзылатын болса, оның соңы неге әкеп соғуы мүмкін екендігі туралы нақты түсіндірілген.

Бұл оқиға Қасеновтің айналасындағы дауды одан әрі қыздырып жіберді. Қазіргі таңда сот пен журналистің мәлімдемелері арасындағы «ақпараттық соғыс» қоғам назарын өзіне аударып отыр. Тараптардың алдағы уақытта қандай қадамға баратыны әзірге беймәлім.

Соңғы жаңалықтар