Сорбұлақ апаты қайталануы мүмкін – депутат Үкіметтен шара күтеді
Жетісу өңіріндегі Сорбұлақ көліне қатысты көп жылдан бері айтылып келе жатқан мәселе қайта көтерілді. Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, жағдайды Үкімет деңгейінде шешуді талап етті.
Алматы қаласының кәріз сулары жиналатын бұл көл 1988 жылдан бері Іле ауданында орналасқан. Бастапқыда уақытша нысан ретінде қарастырылған Сорбұлақ бүгінде аймақ тұрғындарының өмір сапасына елеулі зиян келтіріп отыр. Әсіресе жаз мезгілінде көлден тарайтын сасық иіс ауылдарды тұншықтырып, адамдардың денсаулығына әсер етуде.
Биылғы зертханалық тексерулер су құрамынан 31 түрлі зиянды химиялық зат пен ауыр металл анықтаған. Сарапшылар кадмийдің мөлшері нормадан төрт есе артық екенін мәлімдеді. Бұл элемент адам ағзасында жиналып, онкологиялық ауруларға алып келуі мүмкін. Депутаттың айтуынша, бұл деректер – мәселенің қаншалықты күрделі екенін көрсетеді.
Қазір Сорбұлақтың сыйымдылығы шамамен 1 миллиард текше метрді құрайды. Оның ішінде 750 миллион текше метр су толып тұр. Экологтардың ескертуінше, топырақ қабаты тұрақсыз. Көктемгі тасқын, нөсер жауын немесе жер сілкінісі кезінде бөгет бұзылса, лас су жақын маңдағы ауылдарды шайып кетіп, Іле, Қапшағай және Балқаш көлдеріне дейін жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда экологиялық апатқа жол беріледі. Депутат 1988 жылғы Жаманқұм бөгетінің бұзылуын еске салып, ол кезде 13 адам қаза тапқанын атап өтті.
Данияр Қасқарауов бұл мәселені шешу үшін төрт нақты ұсыныс айтты. Біріншіден, судың құрамын, деңгейін және қауіптілігін тексеретін тәуелсіз мемлекеттік комиссия құру қажет. Оның құрамына экологтар, мамандар мен тәуелсіз зертхана өкілдері кіруі тиіс. Екіншіден, республикалық бюджет есебінен кәріз суларын тазартатын заманауи станциялар салу ұсынылды. Үшіншіден, Сорбұлақты тазарту жобаларына бөлінген қаражатты мемлекеттік аудиттен өткізу керек. Төртіншіден, суды тиімді пайдалану үшін арна салып, ауыл шаруашылығына бағыттау қажет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында су мәселесін шешу ұлттық қауіпсіздіктің басты факторы екенін атап өткен болатын. Депутаттың айтуынша, Сорбұлақ тек Іле ауданына ғана емес, бүкіл Жетісу өңіріне қауіп төндіруде. Сондықтан бұл мәселе Үкіметтің ерекше бақылауына алынуы тиіс.
«Сорбұлақ – 37 жылдан бері шешілмеген экологиялық дерт. Бұл мәселені соза беруге болмайды», – деді Қасқарауов.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
3 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
6 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
6 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
7 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
7 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
8 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
8 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
8 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
9 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
10 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
11 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
11 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
13 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
13 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
13 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
14 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын