$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Соңғы екі жылда Қазақстанда халықаралық іздеуде болған 27 "қылмыс әлемінің серкесі" ұсталды

Редакция
08 қаңтар 2025, 02:19
Соңғы екі жылда Қазақстанда халықаралық іздеуде болған 27 "қылмыс әлемінің серкесі" ұсталды Сурет авторы: kazpravda.kz

Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметінше, соңғы екі жылда халықаралық іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтардың (ҰҚТ) 27 мүшесі ұсталды.  

ҰҚТ-ның қызметімен байланысты 120-дан астам қылмыстық іс ашылып, оның 13-і трансұлттық сипатқа ие болған. Қылмыс әлемінің 600-ден астам өкілі жауапкершілікке тартылды.  

Ел аумағында жақын шетелден келген алты «заңдағы ұрының» әрекеті тоқтатылды. Сондай-ақ 160 қылмыстық топтың ауыр қылмыстар мен бопсалауға қатысы бар заңсыз әрекеттері жойылды.  

Сонымен қатар бопсалау деректері бойынша 1,3 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалып, адам саудасымен байланысты 400-ден астам қылмыс анықталды.  

Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті қатаң әрі принципті түрде жалғастыратынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар