Соңғы екі аптада үш қайғылы оқиға: Тараз бен Шу әкімдері қатаң сөгіс алды
Сурет авторы: Freepik
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюіне байланысты шұғыл кеңес өткізді. Бұл туралы өңір әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімнің айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы бері кәмелетке толмағандар арасында аса ауыр қылмыстардың тіркелуі жағдайдың ушығып бара жатқанын көрсетеді. Соңғы екі аптада үш қайғылы оқиға орын алған.
"Балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі, алаңсыз білім алуы – біздің басты міндетіміз. Бірақ соңғы жағдайлар қабылданып жатқан шаралардың тиімсіз екенін көрсетіп отыр. Мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы өзара жұмысты қайта қарау қажет", – деді Ербол Қарашөкеев.
Өңір басшысы бұған дейін де нақты тапсырмалар бергенін, алайда тиісті нәтижені көрмегенін атап өтті. Осыған байланысты бірқатар лауазымды тұлғаларға тәртіптік шара қолданылды.
Тәртіптік жазаға іліккендер:
-
облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов – «сөгіс»;
-
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков, білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев – «қатаң сөгіс».
Сонымен қатар білім басқармасына Тараз қалалық және Шу аудандық білім бөлімдерінің басшыларының қызметіне сәйкестігін қарастыру тапсырылды. Әр ауылдық округке жеке учаскелік полиция инспекторы қажет екені айтылып, бос штаттарды жедел толықтыру міндеттелді.
Облыс әкімі арнайы зерделеу тобын құруды тапсырды. Бұл топ барлық мектептің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, қылмыстың салдары мен зардабын түсіндіруге бағытталмақ.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте Жамбыл облысында оқушы жарақат алып, жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Бұдан бөлек, жуырда Тараздағы мектеп-интернатта қыз балаға зорлық жасалғаны туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ Талас ауданында кәмелетке толмағандар өгей әкесінің өздерін мәжбүрлі жұмысқа жеккенін және соққыға жыққанын айтып, видеоүндеу жариялаған еді.
Соңғы жаңалықтар
-
Мемлекеттік рәміздер күні Түркістанда 500-ден астам әлеуметтік осал топ өкілдеріне пәтер кілттері берілді
15 минут бұрын
-
Эбола індеті өршіп барады: ондаған адам көз жұмды, жүздеген адам жараланды
48 минут бұрын
-
ӘЧ-2026: Қазақстандықтар матчтарды қайдан көре алады?
2 сағат бұрын
-
Тоқаев: Қазақстандағы президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадан бастау алады
2 сағат бұрын
-
Жер шары халқының 42 пайызы ми мен ішек байланысының бұзылуынан зардап шегеді
2 сағат бұрын
-
«Таза сана - таза қала»: Елордалық жұмысшылар «Бәйтерек» алаңында Әнұран орындаған сәті
3 сағат бұрын
-
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу шектері қашан жарияланады?
3 сағат бұрын
-
Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы Алматыда қамауда отыр
3 сағат бұрын
-
АҚШ-та Трампқа Ирандағы соғысты жалғастыруға тыйым салатын қарар қабылданды
4 сағат бұрын
-
Отбасы банктің ипотекасы қымбаттайды
4 сағат бұрын
-
Анна Данилина «Ролан Гарростың» жартылай финалына жолдама алды
4 сағат бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетеді – сарапшылар
5 сағат бұрын
-
Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
5 сағат бұрын
-
Алматыда жүкті әйел мен шақалақ қаза тапты: Туыстары әділдік іздейді
5 сағат бұрын
-
АҚШ-тың Иранмен соғысқа жұмсаған шығыны 100 млрд доллардан асты
6 сағат бұрын
-
Қазақстан жасанды интеллектіні енгізу деңгейі бойынша әлемнің үздік 30 елі қатарына енді
6 сағат бұрын
-
Елімізде бала тууына және күтіміне байланысты төленетін жәрдемақылар көлемі белгілі болды
6 сағат бұрын
-
АҚШ Қазақстан тауарларына қосымша баж салығын енгізуі мүмкін
22 сағат бұрын
-
«Астанада» үлкен өзгеріс күтілуде: клуб трансферлерді кейінге қалдырды
23 сағат бұрын
-
Елімізде шетелдік маркетплейстерден алынатын тауарларды декларациялау міндеттелді
23 сағат бұрын
-
Сот орындаушысына барудың қажеті жоқ: Әкімшілік амнистия кезінде шоттардағы бұғат қалай алынады?
1 күн бұрын
-
Бишімбаев пен Мәсімов амнистияға іліге ме: ІІМ жауап берді
1 күн бұрын
-
Хакерлер жасанды интеллект арқылы Instagram аккаунттарды бұзып алған
1 күн бұрын
-
Алматыда 200-ден астам құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды: Қандай заңбұзушылықтар анықталды?
1 күн бұрын
-
«Бұл – мемлекеттің өз азаматтарына деген кең пейілін білдіретін гуманизм актісі» – депутат рақымшылық туралы айтты
1 күн бұрын
-
Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
1 күн бұрын
-
Перуашев Қазақстанды "Штрафстан" деп айтқаны үшін тағы да кешірім сұрады
1 күн бұрын
-
500 мыңнан астам қазақстандықтың айыппұлы кешірілмек
1 күн бұрын
-
LRT шығындары Үкімет резервінен заңсыз қаржыландырылды – Жоғары аудиторлық палата
1 күн бұрын
-
Ұлттық қор – балаларға: Миллиондаған доллар қаржы игерілмей отыр
1 күн бұрын
-
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясынан кетті
1 күн бұрын
-
Азияның жетекші университеттері Астанада бас қосты
1 күн бұрын
-
Миллиардтар қайтыс болғандар мен шетелдіктерге аударылған: Еңбек министрі зейнетақы жүйесіндегі ірі заңбұзушылықтар туралы айтты
1 күн бұрын
-
Шетелден қаржы алатын қазақстандық ұйымдардың тізімі жарияланды
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың жалақысы қанша болу керек: Еңбек министрі ойын айтты
1 күн бұрын
-
«Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін»: Тоқаев елімізді «Штрафстан» дейтіндерге жауап берді
2 күн бұрын
-
Мұнай ма, соғыс па: Қайсысы бірінші бітеді?
2 күн бұрын
-
Жақсы зейнетақы алу үшін не істеу керек: Еңбек министрі жолын айтты
2 күн бұрын
-
Қазақстанда зейнетақы жүйесі өзгеруі мүмкін: Өзгерістер маусым айының соңында таныстырылады
2 күн бұрын
-
Трамп Нетаньяхуды балағаттап, Ливандағы соққылар үшін қатаң сынға алды
2 күн бұрын
-
Еуроодақ Қазақстанда босқындар орталығын ашпақ па?
2 күн бұрын
-
Сенат депутаты Б. Жексенбай мектеп оқушылары үшін Парламент Сенатының ғимаратында танымдық экскурсия өткізді
2 күн бұрын
-
Әскерге шақыру науқаны қалай жүріп жатыр: Қорғаныс министрілігінің есебі
2 күн бұрын
-
Сенатор Бибігүл Жексенбай Токиода Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті
2 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстан облысының әкімі дарынды оқушыларды марапаттап, лагерьге жолдама берді
2 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы өліммен аяқталған жол апаты: жәбірленуші тараптар Александр Пақты кешірді
3 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран тағы да соққы алмасты
3 күн бұрын
-
Михаил Шайдоров Спорт министрлігімен келісімшартқа қол қойды
3 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған апат: Жүргізуші кінәсін толық мойындады
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтар балаларының бойына қандай құндылықтарды сіңіргісі келеді?
3 күн бұрын