$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

СҚО-да су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін

Редакция
16 сәуір 2024, 04:34
СҚО-да су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін Сурет авторы: Ақорда

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты.

"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық бөліністердің өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктегі таулы аудандарда қатты жауын-шашын жауады. Елімізде найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте дауыл соғады", - деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-де өткен брифингте.

Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай, Түркістан, Алматы облыстарында 4 гидрологиялық ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар