СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр
Сурет авторы: Александр Река / ТАСС
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару үшін Ресей тарапымен келіссөз жүргізіп жатыр. Министрлік бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандықтардың елге оралуға жәрдем сұраған өтініштері тарағаннан кейін арнайы мәлімдеме жасады.
СІМ мәліметінше, бірнеше отбасы министрліктен көмек сұрап үлгерген. Ведомство соғыс аймағындағы қазақстандықтар туралы толық мәліметті олардың өзінен немесе туыстарынан тікелей жинап жатыр. Ол үшін арнайы жедел желілер жұмыс істейді.
Министрлікке азаматтың аты-жөні, туған күні, болжамды жүрген жері және жасасқан еңбек шартының талаптары туралы мәлімет қажет.
Қазақстандықтарды елге қайтару жолдарын қарастыру үшін СІМ Ресей тарапымен консультацияны жалғастырып жатыр. Бүгін Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездескен. Ал жақын арада Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ресей Сыртқы істер және Қорғаныс министрліктерінің басшылығымен кездеседі.
Қазақстан заңнамасында мемлекет өз азаматтарын шетелде қорғауға және оларға қолдау көрсетуге кепілдік беретіні бекітілген.
Соғыс аймағында жүрген азаматтарға қатысты ақпаратты СІМ Консулдық қызмет департаментінің +7 (7172) 72-05-00 нөміріне немесе Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Астрахань, Қазан, Омбы, Екатеринбург және Санкт-Петербургтегі бас консулдықтарына беруге болады.
Бұған дейін Ресейге жұмыс істеуге кеткен Мирас Тасжарғанов Қазақстан билігінен елге қайтаруға көмектесуді сұраған. Оның анасы Гүлжан Тасжарғанованың айтуынша, ұлы интернеттегі хабарландыру арқылы жұмыс тауып Ресейге барған, кейін Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға мәжбүр болған. 17 қыркүйекте Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі Мирас Тасжарғановпен байланысқан. Ол өзімен бірге осындай жағдайға тап болған тағы бірнеше Қазақстан азаматы бар екенін айтқан. 18 қыркүйекте Қазақстанның Ресейдегі елшілігі оларды елге қайтаруға жәрдемдесуді сұрап, Ресей СІМ-не нота жолдады.
2 қазанда тағы екі қазақстандықтың туыстары көмек сұрап отырғаны белгілі болды. Айнабек Келдібек пен Нұржан Әдиетов Ресейге жұмыс істеуге барған, кейін жақындарына Ресей әскеріне күштеп тартылғанын хабарлаған. Бұл – олардың өздері мен туыстарының мәлімдемесі.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
17 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
18 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
18 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
18 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
19 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
20 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
23 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
23 сағат бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын