$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

СІМ Париж Олимпиадасын тамашалауға баратын ел азаматтарына үндеу жасады

Редакция
04 маусым 2024 13:10 4120
СІМ Париж Олимпиадасын тамашалауға баратын ел азаматтарына үндеу жасады

Қазақстан сыртқы істер министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров жазғы Олимпиада ойындарына баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға кеңес берді.

«Тек, Олимпиадаға баратын азаматтарымызға ұсыныстар айта аламыз. Адамдар көп жиналатын болғандықтан, жергілікті билік қауіпсіздік шараларын мейілінше күшейтеді. Олардың талаптарын мүлтіксіз орындау қажет болады. Өз қауіпсіздігіңіз туралы ойлануыңыз керек. Кез келген форс-мажор жағдайда дереу Париждегі елшілігімізге хабарласуларыңыз керек.Сіздерге көмектесеміз», – деді министрліктің ресми өкілі.

Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар