$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Сианнан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайтын болады

Редакция
29 сәуір 2024 06:15 4417
Сианнан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайтын болады Сурет авторы: Maksim Starostin

«Қазақстан темір жолы», «Жолаушылар тасымалы» ұлттық компаниясы басшылары мен Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосу мәселелерін талқылады.

"Туристік пойыздың жүруі «Үрімші - Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылатын болады", – делінген "Жолаушылар тасымалы" хабарламасында.

Бұл пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қолданып, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар