$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Шымкенттік зейнеткер әйелін пышақтап тастағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

Редакция
04 қыркүйек 2024 05:32 4185
Шымкенттік зейнеткер әйелін пышақтап тастағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды Сурет авторы: Фото: Аргументы недели

Шымкентте зейнеткер мас күйінде азаматтық жұбайына пышақ салған. Ол  қылмыстық кодекстің 106-бабына сәйкес- "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айыпталды. Жәбірленушінің өзі қылмыскерге жеңіл жаза сұрады.

"Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін жағдайлардың болуын – істеген ісіне шын жүректен өкінуді және оның зейнеткерлік жасын ескерді. Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды", - деп хабарлады сотта.



Соңғы жаңалықтар