$ 506.7 € 593.14 ₽ 6.53

Шымкенттегі төбелес: зардап шеккен азаматтың жағдайы белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
21 қаңтар 2026, 14:39
Шымкенттегі төбелес: зардап шеккен азаматтың жағдайы белгілі болды Сурет авторы: видеодан кадр

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін болған төбелес салдарынан зардап шеккен азаматтың жағдайы туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді, деп хабарлады Kazinform.

Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні болған. Жол апатынан кейін көлік жүргізушілері мен жолаушылар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Қақтығыс кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Олардың бірі алған жарақатынан көз жұмды.

Екінші қатысушы – 36 жастағы ер адам аса ауыр жағдайда Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның сол жақ кеуде тұсына өтіп кеткен пышақ жарақаты барын анықтаған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқасқа шұғыл түрде ота жасалған. Қазіргі таңда оның жағдайы әлі де ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Аталған дерек бойынша кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар