$ 456.89 € 531.36 ₽ 5.32

Шымкентте зейнеткерді ұрып өлтірді (ВИДЕО)

Редакция
10 қыркүйек 2026, 16:37
Шымкентте зейнеткерді ұрып өлтірді (ВИДЕО) Сурет авторы: видеодан кадр

Шымкентте көршілер арасындағы жанжалдан кейін зейнеткер көз жұмды. Күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада екі ер адамның алдымен сөзге келіп, кейін төбелескені көрінеді. Ер адамдардың бірі екіншісіне бірнеше рет соққы жасап, жерге құлатқаннан кейін де ұруын жалғастырған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, жәбірленуші мен оның көршісі арасында жанжал болған.

«Жанжал кезінде күдікті ер адамға бірнеше рет соққы жасаған. Жәбірленуші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды», – деп хабарлады Полиция департаменті.

Оқиға бойынша абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар