$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Шымкентте шенеуніктер жылу желілерін жөндеуге бөлінген 1,1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған

Редакция
03 желтоқсан 2024 02:45 1689
Шымкентте шенеуніктер жылу желілерін жөндеуге бөлінген 1,1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған Сурет авторы: istockphoto

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған 358 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті өңірдің лауазымды тұлғалары мен "Қуатжылуорталық-3" МКК қызметкерлерінің бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу барысында олар жылу және электр беру желілерін жөндеуге бөлінген 1,1 миллиард теңгеден астам қаржының сметалық құнын әдейі көтеріп, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін ақша аударғаны анықталды.

Ұрланған қаражатты жылыстату үшін күдіктілер арнайы топ құрып, жалған құжаттар әзірлеген. Олар 24 жалған кәсіпорын арқылы "қолма-қол ақша жасаушылардың" көмегімен тауар жеткізу және қызмет көрсету мәмілелері туралы жалған шот-фактуралар, орындалған жұмыстар актілері мен шарттарды рәсімдеген.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған:

  • Шымкент пен Астана қалаларындағы 2 пәтер, 1 тұрақ орны,
  • Шымкенттегі 3 жеке үй,
  • Банк шоттарындағы 50 миллион теңге анықталып, мемлекетке тәркіленді.

Сот үкімімен қылмысқа қатысы бар жеті адам 2 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар